Жапонияда дыбысты сіңіретін шанышқы пайда болды. Гаджет «Otohiko» деп аталады және ол әдеттегі шанышқылардан әлдеқайда ерекше көрінеді.
«Otohiko» деп аталатын гаджет қарапайым асханалық аспаптардан әлдеқайда үлкен. Ерекше шанышқының бейнеролигі YouTube видеохостингінде жарияланды.
Тез дайындалатын лапша секілді тағамдарды жеген кезде жағымсыз дыбыстар шығатыны белгілі. Егер көпшілік жиналған жерде болсаңыз, қасыңыздағы адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырып, тіпті оның тәбетін қашырып жіберуіңіз мүмкін. Жапониялықтар ойлап тапқан бұл «ақылды» шанышқы сол олқылықты жою үшін ойлап табылған. Онда тамақты жеген кезде шығатын барлық жағымсыз дыбысты танитын арнайы сезгіш микрофондар бар. Шанышқы тамаққа тигенде гаджет Bluetooth смартфонына сигнал беріп, сол кезде арнайы «музыка» іске қосылады.
Күннен күнге өздерінің ерекше технологиясымен әлем жұртшылығын таңғалдырып келе жатқан жапониялықтар қай кезде де жаңа нәрсені ойлап табудан жалыққан емес. Алдағы уақытта біздің елімізге де жетіп қалар.