- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жапондықтар душ суын...
Жапондықтар душ суын үнемдейтін әдіс ойлап тапты (Видео)
"ТОТО" деп аталатын жапондық компания душ суының ағынын өзгертпей-ақ, суды 35%-ға үнемдеуге мүмкіндік беретін әдіс ойлап тапты.
Осы жөнінде компания қызметкері Хироси Кобаяси былай дейді: "Қарапайым қазіргі кездегі суды үнемдеуге қолданылып жүрген душ бұрандалары тесіктердің аз болуына байланысты суды да көп мөлшерде қолданбайды. Бұл әдісте судың ағыны да бәсеңсейді. Біз өз жобамызда суды да үнемдеп, ағынын да өз мөлшерінде сақтағымыз келді. Осының нәтижесінде Air-In Shower құрастырылды".
Жаңа өнім алдымыздағы жылдың ақпан айынан бастап сатылымға шықпақ екен. Air-In Shower құны шамамен 70$ доллар.
Құрастырушы мамандардың айтуынша, қолданушы өнім арқасында суды да, энергияны да үнемдей алады. Орташа есеппен төрт адамнан тұратын жанұя жаңа өнімді пайдалана отырып, айына 180$ доллар үнемдемек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: wakeup-world.com
Б. Қосмағамбет