Жапондықтар технологияға деген құштарлықтарынан әлемді таң қалдырудан жалығар емес, әсіресе тақырып махаббат жайында болса... Тіпті олар ойлап тапқан интернет арқылы сүйісті де еске алуға болады. Осындай сияқты қызық өнертабыстармен бүгін біз сіздерді таныстырмақпыз.
Күншығыс елінің Кейо университетінің өнетабыстары бұл жолы да қапы қалмады. Олар жаңа құрылғы жасап шығарды.
Естеріңізде болса, кинода болсын, мейлі өмірде (мүмкін қазақ балаларына тән емес қасиет болар) болсын әрбір жасөспірімнің бөлмесінде қабырғаға сән беріп тұратын сүйікті әртістерінің постерлері ілулі тұрады. Сіз сүйікті кумиріңіздің бір сәтке болсын жанданғанын қалар ма едіңіз? Жауап сөзсіз айдан анық болары белгілі. Енді міне қаһармандарының сыртқы әсерге әрекет етпейтініне әбден көңілдері қалған жапон зерттеушілерінің арқасында ондай мүмкіндік де туды.
"Мен поп-идолдардың үлкен қастерлеушісімін және менің бөлмемнің қабырғасында олардың плакаттары ілулі", - дейді зерттеуші Кейдай Огава. "Біз осы жүйені жасауымыздың себебі адамдардың қимылына қарай постерлер де қозғалса, интерактивті және қызықты болар еді", - дейді ол.
Өнертапқыштардың айтуынша, жүйенің жұмыс істеуі өте қарапайым. Ультрдыбыстық тетіктер интерактивті постердің үстінде орналасқан және сенсор адамның басы қаншалықты биік орналасқанын анықтайды. Сәйкесінше, адам суретке жақындаған сайын ол ауыса бастайды. Адам максимум жақындаған кезде ол кейіп келіп сүюіңізді күтеді және сүйістен соң қымсынатын көрінеді.
Зерттеушілер iPad-қа осы секілді қосымша жасап шығаруды да жоспарлауда. Аталған құрылғыға толықтырулар енгізілмек. Нақтырақ айтар болсақ, құрылғыдағы адамның шашын, еріндерінің иісін сезуге болатын мүмкіндіктер береді екен және сурет сыбырлап "Мен сені сүйемін" деп айта алатын болады.
Сурет: wowfacts.net