Дамыған елдерде мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек назар аударылуда. Жапон ғалымдары жасаған жаңа музыкалық аспапты мүмкіндігі шектеулі жандар ойнай алады.
Жапониядағы Цукуба Университетінің ғалымдары фортепианоның пернесін баспай ойнау мүмкіндігін беретін аналогы жоқ жүйе жасаған. Фортепианода ойнау үшін жапон инженерлері құрастырған көзілдірікті тағу керек. Көзілдірік арнайы тетіктерді қолданып көздің бағытын бақылайды.
Пианист көзілдірік арқылы алдындағы пернеде бөлек ноталарды емес, толық аккордтарды көреді. Аккордтың басылуы көздердің мұқият қарауы арқылы жүзеге асады. Бірақ аталған жүйенің репетуарында шектеулі композициялар болады екен.
Расында құрылғы өтімділігін дәлелдеді. Токио мектептерінің бірінде оқитын оқушы жаңа жүйені қолдану арқылы жаңа жылдық композицияны сәтті орындаған.
Осыған дейін Samsung Electronics осы жобаға ұқсас Eyecan+ жүйесін таныстырған болатын. Бұл компьютер тышқанын көздің көмегімен басқару құрылғысы еді. Оңтүстіккорейлік өнім де көзілдірік іспеттес болып, қолы жоқ жандардың компьютердегі кез-келген функцияны орындауына мүмкіндік береді.
Енді Цукуба мамандары тура осы құрылымды басқа музыкалық аспаптарды ойнауда қолданып көрмек.