Жапониялық ALE компаниясы аспаннан "жұлдыз" жаудырумен айналысады. Қызмет небары 8 мың доллар тұрады, - деп жазады Space.com.
Бұл мекемені жапониялық Лена Окадзима және оның физик, геолог достары құрған. Мұндай идея оларға ғарыштан лақтырғанда метеорит секілді жарқырап жанатын қоспа жасап шығарғаннан кейін келген екен.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл "жұлдыздарды" тек бір қала емес, жақын орналасқан бірнеше елді мекеннің тұрғындары көре алады.
Қоспаны ғарыштан CubeSat нано-спутнигі лақтырады. Айта кетелік, қоспа кішкене шарларға құйылады. Спутник Жерге қоспаның өзін емес, сол шарларды жібереді.
Компаниядағылардың айтуынша, оларға планетологтар хабарласып үлгерген. Ғалымдар атмосфераға түскен дененің жылдамдығы, түсу бұрышы оның жарқырап жануына қалай әсер ететінін зерттегісі келеді екен.