- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жаңбырды қуат көзіне...
Жаңбырды қуат көзіне айналдыру
Техноголия қарыштап дамыған заманда электр қуатының қажеттілігі артатыны анық. Қажетті ресурсты уақытылы толтырып отыру үшін қосымша жолдарын да қарастырған жөн. Қазірдің өзінде ғалымдар электр қуатын қайдан өндіруге болатынын зерттеп жатыр.
Жаңбыр - балама қуат көзіне айналуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, әрбір жауын тамшысының 100 LED-жарықшамдарын қосуға қуаты жетеді екен. Жауынды күндері электр қуатын өндіріп, қосымша ресурс ретінде пайдалану таптырмас амал. Бірер жылда жаңбырдан электр қуатын өндіріп, қалаларды қамтамасыз етпейтініміз анық. Дегенмен ғалымдар алдағы он жылдықта тым болмағанда көше шамдарын тәуелсіз ету мақсатында электр қуатын жауын-шашыннан өндіруге тырысып жатыр.
Гонконг университетінің инженер-биодәрігері Ван Цуанкай 100 микролитр суға 15 сантиметр биіктіктен тамған тамшының 140 В көп қуатты өндіруге күші жетеді екен. Ал бұл электр қуаты өз кезегінде 100-ге жуық кішкентай LED-жарықшамдарына тоқ беруге қауқарлы.
Ғалымдар тәжірибе кезінде судың бетіне электр қуатын тиімді жинау мақсатында политетрафторэтиленді жұқа қабықты пайдаланған. Тамшы жұқа қабықтың бетіне тамған сәтте су толқынмен екі электрод: алюминий электроды мен инди-қалайы электродты өзара қосады. Бұл көпірде тамшылар резистор рөлін атқарса, беткі қабат конденсатор қызметін жасайды.
– Төменге қарай құлап бара жатқан тамшының кинетикалық қуатын арттыру арқылы одан алынатын қуатты да күшейтуге болады. Осының арқасында жаңбыр қуатын тегін қуат көзіне айналдыруға мүмкіндік бар, – дейді Небраска-Линкольн университетінің химигі Сяо Чэн Цзэн.
Ғалымдар жақын уақытта балама қуат көзін жасауға болады деп сенеді. Мұндай құрылғыны ойлап тауып, оның кең қолданысқа беру үшін кем дегенде 5 жыл қажет.
А. Рысдәулет