- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жанартау неліктен атқылайды?...
Жанартау неліктен атқылайды?
Жанартаудың басым бөлігі тектоникалық тақталар (плиталар) өткен жерде қалыптасады. Егер екі географиялық платформаның түйіскен жерінде жер сілкінісі болса, міндетті түрде белсенді жанартаулар атқылай бастайды. Кейде жер сілкінісінен ұйқыдағы жанартаулар да оянып, қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Адам баласы өмір сүретін Жер қабатын – литосфера деп атайды. Оның қалыңды Жер диаметрінің 1 ғана процентін құрайды екен. Дегенмен әр жерде литосфераның қалыңды әркелі. Бір аймақта қалыңдығы 70-80 шақырымға дейін жетсе, кейбір жерде 20-30 шақырымды құрайды.
Литосфералар тектоникалық тақталар тұрады. Олардың арасында жарықтар қалыптасқан. Дәл осы жарықтарда жанартаулар көбірек түзіледі. Өйткені литосфераның астында мыңдаған градусқа дейін қызып тұрған мантия бар. Қою шайырға ұқсайтын мантияның бетінде литосфералар қалқып жүреді. Тектониалық тақталар қозғалыс кезінде бір-бірімен соқтығысып, біреуі жоғары, екіншісі төмен қарай жылжиды. Осы сәтте төменге жылжыған тақта мантияның ыстығымен балқып, магманы түзеді.
Магма мантияға қарағанда жеңіл әрі сұйықтау. Егер магма көп жиналатын болса ол литосфераның осал жерін тауып, атқылай бастайды. Кейде қысым болмаған жағдайда магма атқылмай-ақ Жер бетіне шығады.