Ғылымның дамуы барысында жаңа мүмкіндіктер ашыла түседі. Джетпак, телепорт немесе киборгизация сияқты сөздердің өзі бізге еміс-еміс естілетін болды. Бір қызығы, жаңадан шығып жатқан технлологиялардың барлығы да көріпкелдердің болжамы мен жазушылардың кітаптарында «нұсқаулық» ретінде болған. Massaget.kz адамзаттың болашақта айналысатын спорттың жаңа түрлерін ұсынуды жалғастырады.
Салмақсыздықта жүзу
Су спорты салмақсыздық жағдайында да дамуы мүмкін екен. Келешекте бұл спорт түрі де кереметтей танымал бола түспек екен. Суда салмақсыздық болуы мүмкін бе?
Иә. Нөлдік гравитацияда судың ауада қалқып жүретінін ғарыш кемелеріндегі ғарышкерлер туралы деректі фильмдерден көп байқаймыз. Ал көлемді су бассейнінің нөлдік гравитацияда қалықтап тұрғанын көргеніңіз бар ма? Мұндай жағдайда жүзетін адам тек жоғарыға ғана жүзбейді, оның барлық бағытқа жүзуге мүмкіндігі бар. Мәселен белгілі бір кеңістікте қалықтап тұрған бассейннің астына түсе де оған ауа жетіп тұрады. Ендігі кезекте су бассейнінде белгілі бір қашықтыққа жылдамдыққа жүзу спортын да айта кеткеніміз жөн. Басты мәселе – жүзушіге арнайы акваланг қажет болады. Салмақсыздықта жүзу мүмкін болғандықтан, ғалымдар ендігіде нөлдік гравитация жағдайы жасайтын арнайы бассейндер салумен айналысып жатқан көрінеді. Токио ұлттық агенттігінің бір топ ғалымдары осы мәселеге байланысты тіпті ғылыми жұмыс жазған екен.
Айда шаңғы тебу
Ғаламдық бағдарламалар арқасында ай бетіндегі тауларда шаңғы тебу мүмкіндігі туып тұр. Ғарышқа барған тұңғыш спортшы-ғарышкер Алан Шепард ай бетінде гольф ойнаған жалғыз адам. Гольфтан басқа, ай кеңістігінде шаңғы да тебуге болады екен. Аполлон-17 экипажының мүшесі Харрисон Шмитт ай бетіндегі шаң-тозаңда белгілі бір қашықтыққа бару үшін кәдімгі шаңғылар жақсы көлік болатынын да айтып кетіпті. Ай бетін барынша тезірек зерттеуге басқандай көліктерден гөрі шаңғылар ең қажетті көлік болып табылған. Астронафтың айтуынша, Ясность теңізінің жағалауында туристік орын ашуға болады-мыс.
Ғарыштағы гимнастика
WorldThinkTank сараптамалық орталығының құрушысы Ланс Винслоу спорттық гимнастика келешекте ғарыш колонияларында кереметтей танымалыққа ие болады дейді. Оның ойынша, жарыстарды Ай бетінде, Марста, Еуропа мен Титанда ұйымдастыруға болады екен. Ғарышта гравитация жағдайы бөлек, сондықтан да биіктікке секіру, ұзақтыққа секіру спорттарының жаңа түрлерін ойлап тапса да қолайлы екен. Мамандардың айтуынша, адам секіріп, ауада сәл де болса ұзақ қалықтап тұрып, кереметтей жаттығулар жасайтын болады екен, оның үстіне жер бетінде жасалатын гимнастикалық жаттығуларға қарағанда адамның жарақат алу көрсеткіші нөлмен теңеседі.
Джетпакпен жарысу
Ұшатын аппаратпен жарысу қызықты спорт болмақ. Мамандар таяудағы 5-10 жыл көлемінде шағын ұшақтар мен джетпактар қазіргі мэйнстрим саналатын спорт түрлері сияқты болатынына сенімді. Жақында ғана жаңазеландиялық Martin Aircraft Company компаниясы Ұлыбританияның авиация басқармасынан әлемдегі тұңғыш джетпакты ұшыруға арнайы рұқсатын алыпты. Егер бұл ұшу аппараты шын мәнінде де өз міндетін толықтай атқаратын болса алғашқы жұмыстарының бірі төтенше жағдайларға тап болған адамдарды құтқару және іздеу ісі болғалы тұр екен. Онымен қатар, экстремал-спортшылар де өз кезегінде бұл аппаратпен ұшып-қонуға мүмкіндік алатыны белгілі.
Джетпактың жылдамдығы – 74шақ/сағ., ал Martin Jetpack-тың ұшу биіктігі – 150 метр.
Нөлдік гравитациядағы футбол
Ғарышқа саяхаттаушылардың саны артқан сайын, түрлі ойын пайда бола бастады. Бұл мәселе саяхаттаушылар ел-жерді көруге ғана емес, сонымен қатар уақытын қызықты етіп өткізгісі келсе немесе денсаулығын жақсартатын спорттық жаттығулар жасағысы келсе деген ой-ауанмен қозғалған. Десе де, жер бетінде ойналатын ойындардың барлығын да ғарыш кемесінде ойнай беру мүмкін емес, сондықтан ойындардың кейбір ережелерін өзгертуге тура келеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_crSIg72Wu0","width":"450","height":"338"});
Zero-Gravity (ZERO-G) корпорациясы Boeing 727 аппаратының ішінде түрлі ойын ойнауға, соның ішінде футбол ойнауға да мүмкіндік беріп отыр. Компанияның бас директоры Питер Диамандис адамдардың салмақсыздықта футбол ойнауға деген құштарлығы артып келе жатқанын айтады. Компания басшылығының ойынша, келешекте футбол ғана емес, сонымен қатар реслинг және гимнастика сияқты спорт түрлері адамдардың қызығушылығын оятады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: livejournal.com