Оңтүстік кореялық KAIST институтының мамандары мәліметтерді 10 Гбит/с рекордты жылдамдықпен жібере алатын микрочип құрастырып шықты. Чип 60 ГГц жиілікте жұмыс жасайды. Аталған технология болашақта көп уақытты қажет ететін бейнематериалдарды жіберуде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін.
Осыған дейін әлемге 60 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын бірнеше құрылғылар шығарылды. Бірақ олардың бірде біреуі 10 Гбит/с жылдамдықты қамтамасыз ете алған жоқ еді. Мысалы, жаңадан жасалған чип көлемі 4.7 ГБ болатын фильмді 3.76 секундта-ақ жібере алады. Ал қазіргі кездегі ең жылдам WiFi желілері ол үшін үш минуттан астам уақытын жұмсайды.
Чип сондай-ақ мобильді құрылғыларға да салуға ыңғайлы. Оның өлшемдері 4х6.6 мм құрайды. Чиптің мәліметтерді және сигналды қабылдауға арналған кішкене ғана антеннасы бар. Оған қоса, ол энергияны өте аз мөлшерде жұмсайды. Оның жұмыс жасау кезінде қолданатын қуаты бар-жоғы 40 мВт.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com