Жаңа шамның жұмыс істеу уақыты - 20 жыл

Достар, Томас Эдисон ойлап тапқан қызу электр шамы мен люминесцентті шамдардың айырмашылығы жайлы өткен материалда әңгіме өрбіткен болатыныз. Біріншісі темір өзекшеден тоқ өту салдарынан қызып, жанатын болса, екіншісі газоразряд принципі бойынша жұмыс істеп, электр тоғының тиімді пайдалануымен көзге түседі. Бұл екі шамның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Біріншісінің бағасы арзан болса, екіншісі электр тоғының 90%-ын тиімді пайдаланады. Ал бүгінгі әңгімеміз басқа электр шамы жайлы болмақ.

Бұл электр құрылғысын алдыңғы айтылған екі типінен қатты ерекшелейтін - жұмыс істеу уақыты. CyberSecurity.ru порталының мәлімдеуінше, бұл шамның жұмыс істеу уақыты 20 жылды құрайды. Голландиялық Philips компаниясының жаңа өнімі көзді тітіркендірмейтін жарық шығарады. Құрылғының жұмыс істеу принципі бірегей жарықдиоды жіптерге негізделген.

Сізді 20 жыл бойы жарықпен қамтамасыз ететін шамның бағасы - 60 доллар шамасында. Аз емес екен. Бірақ АҚШ-тың кейбір сауда орталықтары Philips компаниясының келісімімен бұл құрылғыларды үлкен жеңілдікпен сатады деген сыбыстар бар. BBC агенттігінің мәлімдеуінше, шам бар-жоғы 10 Вт энергия тұтынады екен.

Бір айта кететіні, жаңа шамдардың сатылымы Жер күнімен дәлме-дәл түсті. Энерго отындардың тапшылығын ескеретін болсақ, бұл құрылғылар таптырмайтын байлық болмақ. Бір қызығы  Philips компаниясының өнімі АҚШ энергетика министірлігі ұйымдастырған байқау-бәйгенің жеңімпазы атанды. Жарысқа қатысқан үміткерлер 60 ватты қызу шамдардың орнын басатын электр құрылғыларды жасап шығарулары тиіс еді. GadgetBlog хабарлағандай, АҚШ министірлігі жеңімпазға 10 миллион доллар қаражат көлемінде сыйақы табыстаған.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Америка Құрама Штаттары мен Ресейде 100 ваттық қызу шамдардың өндірісіне шектеу қойылған. Биыл Еуропа мен АҚШ 60 ваттық қызу шамдарынан бас тартса, 2014 жылдан бастап, Америка Құрама Штаттарының территориясында 40 ваттық шамнан жоғары жарықшығарғыш құрылғылардың өндірісі тоқтатылмақ. Егер де, ғалымдар мен өндірушілердің бірігіп тапқан өнімі әрі қарай дамитын болса, жақында электр энергиясы тапшылығын жоюға мүмкіндік туатыны сөзсіз.

Сурет:gadgetblog.ru