Гарвард-Смитсонов орталығының астрофизиктері жұлдыздардың жаңа типтерін тапты.
Ғалымдардың айтуынша, байқалған Жаңа жұлдыздардың жарық шашу қуатының аздығы соншалық оларды мини Жаңа жұлдыздар деп те атауға болады. Мамандар бұндай жұлдыздар екі түрлі жүйемен пайда болуы мүмкін дейді: ақ ергежейлі және сыртқы қабатындағы сутегіден айырылып қалған компаньон-жұлдыздар.
Бұған дейін Жаңа жұлдыздардың екі типі ғана белгілі болған еді. Жаңа жұлдыздардың бірінші типі қос жұлдыздар жүйесінде, ал екінші тип жұлдыздың ядросының өте тыз сығылуы кезінде пайда болады.
Жаңа жұлдыздар — жарқырауы кенеттен мыңдаған, тіпті миллиондаған есе (орташа есеппен 104 есе) артып, одан кейін баяулап азаятын жұлдыздар. Ең үлкен жарқырауы 1 — 2 сағаттан (шапшаң Жаңа жұлдыздар) бірнеше тәулікке (баяу Жаңа жұлдыздар) дейін созылады. Жаңа жұлдыздардың жарқырауы бірнеше жылдан кейін бұрынғы шамасына келеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9ChPSCBK7pY","width":"450","height":"240"});
Жаңа жұлдыздың жарылуы
Кәдімгі Жаңа жұлдыздардан өзгеше бірнеше рет қайталап от алатын әрі от алу аралығы ондаған жылға созылатын қайталама Жаңа жұлдыздар да бар. Өзінің қалыпты жағдайында Жаңа жұлдыздар көмескі жұлдыздарға жатады. “Жаңа жұлдыздар” атауы ертеде қалыптасқан. Ол кезде жұлдыздардың жалтырауы ұлғайып көрінгендіктен, мұндай жұлдыздар жаңадан пайда болған жұлдыздар деп ұйғарылған. Алайда, 20 ғасырдың басындағы фотографиялық зерттеулер мұндай тұжырымның қате екендігін дәлелдеді. Кейбір Жаңа жұлдыздар 1 — 2-жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. 20 ғасырдың 70-жылдарында біздің Галактикада 180-нен астам Жаңа жұлдыздар белгілі болды. Статистикалық есеп бойынша біздің Галактикада, шамамен (орташа есеппен), жылына 100 Жаңа жұлдыз (Андромедатұмандығында 230, Магеллан бұлтында 15) қопарылыс жасайды. Бірақ олардың Жерде бір-екеуі ғана байқалады. Жаңа жұлдыздардың қопарылыс себептері әзірше белгісіз. Дегенмен Жаңа жұлдыздарда өтетін қопарылыс процесі массасы онша үлкен емес ергежейлі жұлдыздардағы орнықсыздықтың жинақталуынан екендігі айқын болды. Жаңа жұлдыздардың қопарылысы — олардың дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Жаңа жұлдыздардың қопарылысы кезінде бөлінетін толық энергия мөлшері шамамен 1045 — 1047 эрг. екен.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: www.fullhdoboi.ru
Жазбаны дайындау кезінде Қазақ энциклопедиясындағы ақпараттар пайдаланылды.