"Жамевю" деген не?

Психологиялық эффект саналатын «дежавю» күй-ахуалы бәріңізге таныс шығар. 

Есесіне «жамевю» аталып кеткен кері эффектіні біле бермейтініңіз анық. Аталған күй-ахуалда адам баласы өз таныс ортасында таныс адамдардың қасында отырып, бәрін бірінші рет көріп отырғандай әсерде болады. Және осы бір күйдің ең көп таралған түрі - бір сәтке жақын адам айтып отырған сөздердің түсініксіз болып көрінуі. 

Ғалымдар зерттеу барысында сынаққа қатысушы әр адамға "есік" сөзін 60 секунд ішінде 30 рет жазғызып көріпті. Содан, сынаққа қатысушылардың 68 пайызға жуығы «жамевю» белгісінің бел ортасынан табылып, "есік" сөзінің ақиқат өмірде бар сөз екеніне күмәнмен қарай бастаған. 

Айтпақшы, өзіңіз де сынақ жасап көрсеңіз болады. Ғалымдар жағы «жамевю» белгісі мидың шаршап-шалдығуынан туындайды дейді. 

Сізде осындай болып па еді?

сурет:vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек