Жалақыны көтеруге ең қолайлы уақыт

Жалақыны көтеруге ең қолайлы уақыт

Әлемдегі жалақы төңірегінде топталып қалған қызықтардың біршамасын ұсынғалы отырмыз. Керегі болып қалар деген ойменен.

* * * *

Жоғары жалақыға лайық емес жандардың тізімін көргіңіз келетін шығар. Бірінші орынды әлі күнге қозғалмайтын мүлік агенттігінің қызметкерлері иеленіп келе жатыр. 

Әйгілі капиталист Генри Фордтың әлем есінде бір қылығы қалған болатын. Өзі құрған автокөлік зауытына 11 жыл толғанда, бір-ақ күнде барлық жұмысшылардың жалақысын көтеріп жібереді. Содан кейін, жұмысшылар Форд көлігін сатып ала бастады. 

Бір жолы Томас Эдисонның көп зауытының бірінде жұмысшылар жалақы көтерілсін деген ниетпен көтеріліске шығады. Әйгілі өнертапқыш Эдисон қарапайым шешімге барады - әлгі жұмысшылардың еңбек күшін қажет етпейтін бірнеше өнертабыс ойлап тапқан. 

Әлемдегі ең төменгі жалақыны ерік қалауы бойынша БҰҰ ұйымы алады. Джерри Холливел, Стинг, Элтон Джон, Майкл Дуглас, Стиви Уандер, Лучиано Паваротти есімді тұлғалар осы қызметте жүріп 1 доллардан артық жалақы алмаған. 

Жапонияда жұмыс беруші жұмысшының жалақысын қомақты мөлшерде көбейтіп бере алады, егер сол жұмысшының үйде жұмыс жасауға мүмкіндігі болып жатса. Сол арқылы жұмыс беруші кеңсе мен жұмыс орнына кететін қаржыны үнемдей алады екен. 

Британдық кәсіпорын жұмысшыларының өз әріптестерінің жалақы мөлшеріне қызығушылық танытуға заңды рұқсаттары бар. Ендігі таңда жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысы туралы барлық құжаттарды көрсетуге міндетті. Алайда, мамандардың бір қаупі бойынша, аталған заң жобасы ұжым ішіндегі аураның бұзылуына алып соғуы мүмкін. 

Англияда әйел баласы ерлерге қарағанда жалақыны орта есеппен 17 пайызға төмен алады. Ал Ресейдегі әйел заты - 26 пайыз төмен. Біздің елдікін ойша есептей беріңіз?

Ғалымдар жалақыны көтеруге ең қолайлы уақытты анықтады - әр аптаның сәрсенбі күні болып шықты. Психологтардың сендіруінше, осы күні әр бес бастықтың төртеуі салыстыруларға көз жүгірте отырып, жалақы туралы әңгіме қозғауға пейілді болады-мыс.

Генералиссимус Суворов көбіне өзіне берілген жалақының көп бөлігін күміс рубльге ауыстырып, солармен майданнан соң көзге түскен әскерлерді марапаттайтын болған. Әскерлер теңгеге тесік салып, кеудеге тағуды үлкен мақтаныш көріпті-міс. 

Еуропалық фирмалар мен кеңселердің көпшілігінде плакатқа жазылған мына бір сөз тұрады: "Естеріңізде болсын, сіздер жалақыны тұтынушыдан аласыздар". 

Apple компаниясының қожайыны өзіне бөлінген жалақымен бүкіл әлемге танылды - жылына бар-жоғы 1 доллар. Шындығы сол, ол директорлар кеңесі басшысының жылдық жалақысын 70 миллион долларға есептеп шыққан.  

"Алиса Ғажайыптар елінде" кітабының авторы Льюис Кэрролл аталған ертегілер жинағын сол уақыттың ең үлкен тиражымен басып шығарады - 150000 дана. Артынша Кэролл өзі жұмыс жасайтын колледж басшылығына бас сұғып, жалақысын төмендету туралы өтініш айтып көрген...Себебі, кітап үстінен түскен қаламақы жазушыға жеткілікті болыпты. 

Бір жолы Гонконг автобустарының жүргізушілері "жалақы көтерілсін" деп талап қояды. Орындалмаған жағдайда жол қозғалысы ережесін (ПДД!) бұзбай айдайтындықтарын алға тартады. Жергілікті басшылық болса қаланың ең үлкен көшелерінде кептеліс туындайды деп қорқып, артынша жүргізушілердің жалақысын көтеруге бел буады.

сурет:www.facebook.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига