- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жақсы SMS темекі...
Жақсы SMS темекі тастауға көмектеседі
Өткен аптаның зерттеуіне көз жүгіртсек, адам жақсы смс-тен кейін темекіні еш қиналмай қойып кететін көрінеді.
Сынаққа алты мыңға жуық адам қатыстырылыпты. Және олардың жартысына жуығына жағымды, бір сөзбен айтқанда жігерлендіретін смс-тер жіберіліп тұрған. Күніне бес хаттан бес апта бойына жүргізіліп, қалған жиырма аптада үш хаттан жеткізілген.
Басым ауырып, шыдамай кеткен жандарға қосымша көмек көздері қарастырылыпты. Олар өздерін жайсы сезінген уақытта сынақ ұйымдастырушыларға хабарласып, түрлі кеңестер алып отырған: мұздай сумен жуыну, тәтті жеу, спортпен айналысып кету, т.б.с.с.
Нәтижесінде, смс алып тұрған адамдардың тең жартысына жуығы шылымға шектеу қоя алған. Басқаша айтқанда, жігерлендіретін смс темекі тастаудың мүмкіндігін екі есеге арттырады деген сөз.
сурет:compulenta.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек