Жаһандық жылыну деген не?
Бұл – Жер ғаламшарындағы орта температураның артумен түсіндірілетін үрдіс. Құрғақ ауа мен ылғал ауа температурасы XX ғасырдың басында орта есеппен 0,8 градусқа артқан. Ғалымдардың пайымдауынша XXI ғасырдың соңына таман температура 2 градусқа артуы ықтимал.
Температура арасындағы өзгеріс үлкен емес. Неге ол қауіпті?
Климатта орын алып жатырған барлық өзгеріс жаһандық жылыну үрдісімен тікелей байланысты:
• Барлық континенттер суық күндердің саны азайып, ыстық күндердің мөлшері артты.
• Теңіздің жаһандық мөлшері 14 сантиметрге артты. Мұздықтардың ауданы кеміп, мұхит ағысы өзгерді.
• Температура артқан соң, атмосфера ылғалды бола түсті. Соның әсерінен, күшті дауылдар жиі орын алады. Әсіресе, Солтүстік Америка мен Еуропа елдерінде қауіп жоғары.
• Әлемнің бірнеше аймағын (Жерорта теңізі, батысАфрика)қуаңшылық жайласа, кейбір елдерде (Орталық – батыс АҚШ, солтүтік-бастыс Аустралия) жауын мөлшері азаяр емес.
Жаһандық жылынуға себепші болған не нәрсе?
Атмосфераға тараған парникті газдардың әсері күштірек: метан, көмірқышқыл газының көп мөлшері. Олар, инфрақызыл сәулелерді өздеріне жұтып алады. Осының әсерінен Жерде парникті құбылыс пайда болады. Жаһандық жылынудың негізгі себепшісі – өнеркәсіптің қарқынды дамуы.
Оның арты неге әкеліп соғады?
Жаһандық жылыну тек табиға апатқа ғана емес, түрлі аурулардың таралуына әкеледі. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, мынанадай қауіп төніп тұр:
• Теңіз деңгейінің артуы, жағалауда орналасқан аймақтардың суға кетуіне әкеледі.
• Дауылдарың салдары жаһандық мәселегеайналуы әбден мүмкін.
• Жаңбырдың уақыты созылмалы бола түседі.
• Кейбір аймақтар құрғақшылыққа тап болады.
• Тропикалық циклондар күшейе түседі: желдің жылдамдығы артады.
• Температураның артуы мен құрғақшылық ауылшаруашылғына кері әсерін тигізеді.
• Жануарлардың көп түрі тұрақты аймақтарын өзгертеді. Кейбірі жойылып кетуі мүмкін.
• Ылғалды ауа әсерінен аурулардан айығу қиынға соғады әрі вирустың көбеюі мен таралуы жеңілдейді.