Жаһандық жылымық әлемді 1,2 триллион шығынға ұшыратады

Ауа-райының күрт өзгеруін болжаған DARA group тәуелсіз Еуропа мекемесі мен Climate Vulnerable Forum ақпараттық қағазында бүкіл адамзатқа маңызды мәлімдеме бар.

330 беттік зерттеуде әлем экономикасының 2030 жылға дейінгі жағдайына шолу жасалған екен. Бангладеш мемлекетінің премьер-министрі Шейх Хасинаның айтуынша, қалыпты жағдайда жылу көрсеткіші бір ғана градусқа жоғарыласа, ауылшаруашылық өндірістің 10 пайызы қысқарады. Бұл дегеніңіз аталған мемлекеттің 2,5 миллиард қаржысын қалтадан қағады деген сөз.

Киота хаттамасына сәйкес, залалды газ атмосфераға таралмауы керек. Көптеген мемлекеттердің өндірісін тежейтіндіктен, әлемнің жетекші экономистері бұл хаттамаға қарсы шығып отыр. Тіпті АҚШ, Қытай, Жапония, Аустралия және Үндістан секілді өндірісі өркендеп тұрған елдер де Киотс хаттамасына қарсы шығып, құлақ асуға құлықсыз. Табиғаттың мінез көрсетуіне ықпал жасаушы мемлекеттер қатарында Қазақстан да бар. Жылымық болар күнге күн санап жақындап келе жатқан адамзаттың таза ауамен демалуын экологтарымыз дабыл қағып ескертуі де өз алдына бір мәселе.

Ақпарат:

Киото хаттамасы – халықаралық-құқықтық акт, БҰҰ-ның Рио-де Жанейрода (1992) өткен Қоршаған ортаны қорғау мен даму Конференциясында қабылданған климаттың өзгеруі жөніндегі Конвенцияға қол қойған елдер арасындағы келісім. Ол 1994 жылы 21 наурызда БҰҰ-на мүше 50 елдің бекітуінен кейін күшіне енді.

 Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: vokrugsveta.ru