Israel Aerospace Industries (IAI) атты израильдық компания ұшқышсыз басқарылатын және көлемі көбелектей болатын ұшу аппаратын жасап жатыр. Құрылғы дыбыссыздығымен және Жерден бірнеше метр биіктікке көрінбей, оп-оңай көтеріле алатындығымен ерекшеленеді. Аппаратты арнайы мақсаттарға да қолдануға болады. Ол кішкене камерамен жабдықталып, шынайы уақытпен бейнелерді Жерге жібере алады.
Модель шағын болғандықтан, оны қалтаға салып алуға да болады. Оны смартфонға орнатылған арнайы қосымша көмегімен басқаруға да болады екен. Қазіргі кезде аппараттың екі түрлі нұсқасы бар. Біріншісі, ең кішкентайы. Салмағы 8 грамм. Екіншісінікі 13 грамм. Екеуі де 2 граммдық литий-полимерден жасалған аккумулятормен жұмыс жасайды. Олар 20 минут үздіксіз жұмыс жасауға арналған. Электромотордың айналым жылдамдығы 7000 айн/минут. Орнатылған камера салмағы 0,1 грамм.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com