Иттер егіздерді иісіне қарап ажыратады

Иттердің иіс сезгіштік қасиеті тіпті бір ұрықты дамыған егіздерді де ажырата алады. Айта кетсек, ДНҚ-тестің өзі бұған дәрменсіз. Бұл туралы "LiveScience" орталығы мәлімдеп отыр.

Сынаққа милиция бөлімінде жүрген он шақты овчарка (қасқыр тектес иттің бір түрі) қатыстырылған. Және иттердің бар мақсаты иістерді жақсы ажырата алу ғана болған. Қысқасы, иттерге бір ұрықты және әр түрлі ұрықты егіздердің терілерін иіскетіпті.

Естеріңізге сала кетсек, бір ұрықты егіздер бір зиготадан дамиды және генотиптері 100 пайызға ұқсас келеді. Ал әр түрлі ұрықтан дамыған егіздердің генотиптері 50 пайызға ұқсас болады.

Жоғарыда айтып кеткен ДНҚ-тестілеудің барысында анықталмайтын ақпаратты иттер жаза баспай тауып бере алған. 

Ең соңында ғалымдар әр егіздің өз иісі болады деген тоқтамға келді.

сурет:dnevniki.ykt.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек