Жүйрік тазы – жеті қазынаға жатады. Тазы ежелден қазақтың тамағын асырауға да қолғабыс қылып, аң алуға бірге шығып, адамның ажырамас серігі болған. Қазірдің өзінде иттер үйімізді күзетіп, достық ниетінен таймай келеді. Олар бізге адал, ал біз оларға дос бола алып жүрміз бе? Ит туралы не білеміз?
Иттер өзін құшақтағанды ұнатпайды, оны адамның өзін басынуы деп түсінеді.
Олар да адам сияқты шынайы күле алады. Тек «ха-ха» деу орнына «х-х-х» деген дыбыс шығарады.
Күшіктердің көзі туғаннан бір ай өткеннен кейін ғана дұрыс көре бастайды.
Күшіктерде 28, иттерде 42 тіс болады.
Итіңізді шоколад беріп еркелетпей-ақ қойыңыз, оның құрамында жануардың орталық жүйке жүйесіне у болып тиетін зиянды заттар бар.
Әлемде иттің 703 породасы бар.
Иттер 250 сөз бен қимылды есінде сақтай алады. Тіпті беске дейін санап, қосу-алу секілді қарапайым есепті шеше алады. Оның зеректілік деңгейі екі жасар баламен бірдей.
Адамға қарағанда иттер дауысты 10 есе жақсы естиді, ал иісті 100 000 есе жақсы сезеді. Тіпті өткен өмірінде сезінген иістер де есінде қалады.
Ит асырайтын адамдар басқаларына қарағанда 66% көз қозғалтатын көрінеді.
Жаңбыр жауғанда иттердің тасалайтын жер іздеп жүгіріп жүргенін көреміз. Олар су болып қалудан қорықпайды. Жаңбырдың дауысы сезімтал құлағына кері әсерін тигізуінен сақтанады.
Олар біздің эмоциямызды түсінетін бірден-бір жануар. Оған көз жүгірте бір қарағанның өзінде қуанып тұрғаныңызды, мұңайғаныңызды, ашуланғаныңызды, ұялғаныңызды бірден сезе қояды.