- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ит туралы ең...
Ит туралы ең қызықты фактілер
Досымыз деп жүрген жануар туралы таңғажайып фактілер қатарын ұсынамыз. Кей деректер адам миына сыймауы мүмкін, ал бұл иттердің миына оңай сыйып кетеді.
Иттер орта есеппен 100-200 сөзді түсінеді және өзінің іс әрекетімен байланыстыра алады. Бұл 2-3 жасар баланың сөздік қорымен тең.
Ит үшін дауыс ырғағы да маңызды. Мысалы асыранды итіңізді мақтап, құптап айтатын сөзіңізді қарапайым жай дауыспен айтсаңыз, ол ойындағы жағымды сөздермен байланыстырып қуанады, ал егер даусыңызды көтеріп, жоғары көңіл күймен айтсаңыз, одан сайын шаттанып кетеді.
Ит бейнелер мен оқиғаларды есінде сақтап қалады, бірақ уақыт өте келе миында ақпарат көбейген сайын кейбірін ұмытып қалады.
Ғылыми зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, иттердің 20 пайызы тамақ бергенге қарағанда, иесінен мақтау сөз естігеніне көбірек қуанады екен. Бұл иттің қожайынына деген адалдығын көрсетеді және «Ит тойған жеріне» деген сөзді жоққа шығарады.
Құлағы естімейтін адамдармен тұратын ит ешқандай дыбыссыз-ақ, қолдың көрсетуімен, ыммен айтылғандарды жақсы түсінеді.
Барлық ит өз иесінің түрін таниды, олар күлкісі мен ашуынан ажыратады. Иттер де күлген адамды жақсы көреді, ашулы адамды ұнатпайды. Бала кезімізде естіген иттен қорқып, қашсаң, ол да сені қуады деген сөз осыған дәлел.
Иттер теледидардан тірі жануарды көрсетіп жатса, оны таниды. Тіпті теледидардан естілген иттің дауысын да жазбай ажыратады. Ал теледидардағы кадрлардың ауысуын адамнан да тез көреді, себебі олар үшін киноның стандартты жылдамдығы баяу көрінеді.
Иттер адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасына, тәртібіне қарап, өзі де ол адамға деген арақатынасын анықтап алады. Мысалы өз иесін ренжіткен адамға ол да қырын қарайды, кем дегенде берген тамағын жемей қоюы мүмкін.
Адам қайда қараса, ит те сол жаққа қарайды, тіпті ашық алаңқайға қарап отырса да.
Қарап отырсақ, иттердің есте сақтау қабілеті, сөздердің мағынасы мен ырғағын түсінуі, теледидарға реакциясы – бәрі-бәрі адамның қасиеттеріне ұқсайды. Бәлкім бұл адам мен иттің 30 мың жылдық достығының нәтижесі шығар.
@. @assel_assanova