Ирандық ғалым Әли Разеги болашақты 98% дәлдікпен анықтайтын "уақыт машинасын" құрастырып шықты. Бұл туралы Daily Mail газеті жазды.
Ғалымның сөзінше, құрылғы тек алдағы 8 жылда ғана болатын оқиғаларды анықтап беретін көрінеді. Мысалы, адам өзін алдағы уақытта қандай тағдыр күтіп тұрғанын аппаратқа қол тигізіп, бірнеше минут күту арқылы біле алады. Ал Әли Разеги болса, негізінде күрделі алгоритмдер жатқан өнертабысына он жылдан аса уақытын сарп еткен екен. Әзірше ол "уақыт машинасының" құрылымын жарияламайтынын айтып отыр. Бір белгілісі, оның көлемі ноутбуктікіндей ғана болмақ.
Әли Разеги енді өз жаңалығын Иран үкіметімен бөліскісі келеді екен. Дәлірек айтсақ, ғалым өз аппаратын болашақта елдің ядролық бағдарламасына байланысты болуы мүмкін соғысты, қаржылық дағдарыс пен мұнай котировкаларын болжауға пайдалануы мүмкін дегенді айтады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: membrana.ru