Инелі ағаш

Инелі ағаш

Жарылатын хура (динамитті ағаш) - Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарында, тропикалық Амазонка ормандарында өсетін, мәңгі жасыл бұталардың бір түрі. Ол 60 метр биіктікке дейін өседі. Қараңғы кезде тегіс қабығындағы сүйір инелері бірден байқалады. Ағаштың атап айтар ерекшелігі - ешкімнің көмегінсіз өзін қорғай алуында жатыр десек, басты қызметті осы инелер атқарады. Оның ерекше жемістеріне көз алартып, асқазанына түсіруге бекінген кез келген жануарды үшкір инелер үстіне қарай жібермейді екен. 

Хураның жемісі капсулалы болып келеді. Және ол кез келген уақытта жарылып, ішіндегі дәнін 70 м/с жылдамдықпен ұшырып жібере алады. Кейде дәндер ағаштан 100 м ұзақтыққа "қонақтайды".

Жарылу үрдісі барысында шапалаққа ұқсас дыбыс шығады. Дәл осы құбылыстың арқасында хураға "динамитті ағаш" деген атау берілген.

Ағаш шырынының улы келетіндігі соншалықты, балықшылар оны балықтарды уландыру үшін пайдаланады.

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева