Қоғамда көп айтылып жүрген тақырыптардың бірі «Индиго балалары». Олар туралы қауесеттер 90-ыншы жылдардың төңірегінде айтыла бастады. Ғалымдар бүлдіршіндерге ДНҚ-лық сараптама жүргізген кезінде, қан құрамының 95% кейінгі адамдармен салыстыра қарағанда қуатты келген. Бұл қорытындылар ресми түрде дәлелденген. Зерттеулер нәтижесінде адам генетикасының өзгергені анық байқалады. Әлеуметтік қоғам Индиго тақырыбына тоқталғанда, басым көпшілігі күмәнмен қарап оларды жаңа дәуірдің ұрпақтары деп есептейді. Олай болса «Индиго» дегеніміз не және оған қандай түсіндірмелер бар?
Неге «Индиго»?
«Индиго» терминін ғылымға естен тыс құбылыстармен айналысатын маман иелері алып келген. Ғалымдар ең алдымен ерекше балалардың аурасын зерттеп, аураның қара-көк түстес екенін анықтаған. Ал қара-көк түстің екінші баламасы «Индиго» сөзі болып табылады. Сондықтан Индиго деп аталған, алайда әр елде әркім әрқалай атайды: Францияда – тефлон, Британияда – мың жылдық балалар.
Индиго балаларының қабілеттері
Индиго — өмірде сирек кездесетін ерекше қасиеті бар балалар. Индиго балалары кішкентай кезінен бастап ақылға сенгісіз, таңғажайып іс-әрекеттерге ие. Мысалы, олардың ішінен адамның ойын оқи алатын, темір-терсектерді ақыл-естің көмегімен майыстыра алатын балалар кездескен. Тағы сол секілді 4 айлық сәби көз қыры арқылы алдындағы қуыршақты ары-бері қимылдатқан.
Зерттеу нәтижелелері
Зерттеулер нәтижесінде олардан шыққан электрмагниттік тербелістер ауқымы 3 222 000-ден 11 350 000 Гц-ге дейін барған. Ол қарапайым адам мөлшерінен 3 есе жоғары. Индиго балаларында екі жақ ми бөлігі бірдей жұмыс атқарады. Яғни қарапайым балалардан 3 есе мықты. Ондай балаларды «вундеркинд» деп те атайды. Алайда Индиго балалары қоғамға бейімделе алмауы себебінен кәмелеттік жасқа жетпей қайтыс болады.
«Индиго» екеніңізді қалай анықтауға болады?
Психология ғылымының докторы, американдық Дорин Ворченің айтуынша, Индиго балаларын қарапайым адамдардан ажырату қиындық тудырмайды екен. Ондай балалар табиғатынан дарынды, интеллектуалдық ойлауы жоғары, психологиялық тұрғыда төзімді келеді. Олар әр нәрсенің шешімінің жеңіл жолдарын қарастырып, кең ауқымда саралай алады. Қатал тәрбие жұмыстарына бағынбай, жазалау, төмендету, қорқыту секілді ескертулерді қаперіне алмайды. Жасаған іс-әрекеттерін түсіндіріп жатпайды, бостандықты жандары сүйеді. Күрделі мәселелерге келген кезде ішкі түйсіктерін қосып, қорықпай шешім қабылдай береді.
Индиго балалары табиғаттың тылсым дүниелерін өздеріне серік қылады. Жан-жануарлар мен өсімдіктерге сүйіспеншіліктері жоғары. Олар өмірден ыстық махаббат пен адал достықты талап етеді. Өмірлік ұстанымы ретінде дүниеден не алсам деп емес, не берсем деп өмірге келеді екен. Биологиялық жағынан жас мөлшері кіші болғанымен, ақыл-ой жағынан әлдеқайда асып кеткен. Өздерін бағалауға келгенде сенімді, тәкаппар, еркін.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.dinos.ru