iPhone паролін бұзудың жолы табылды

iOS 6.1 операциондық жүйесінде әлеуетті зиянкестерге iPhone смартфонының қорғалған паролімен қолдануға мүмкіндік беретін қателік табылды.

Телефон паролін білмей, оны қорғаудан шығару үшін мынадай нұсқаулықтарды орындаңыз:

Аппараттың экранын қосу; "Шұғыл қоңару шалу" батырмасын басу; Қуат көзі батырмасын басып, "Өшіру" жылжымасы шыққанша ұстап тұрыңыз; "Болдырмау" экранды батырмасын басу; Төтенше қызмет нөмірін теру (мысалы 112); "Қоңырау шалу" батырмасын басу; Бірден тұтқаны қою; "Қуат көзі" батырмасын басу, сосын "үйге қайту" батырмасын басу; Саусақты "Қорғаудан шығарыңыз" жылжымасымен өткізу; Қуат көзі батырмасын 3-4 секунд басып, ұстап тұру; "Шұғыл қоңырау шалу" батырмасын басу.

Осыдан кейін құрылғыда телефон қосымшасы ашылады. Оның көмегімен байланыстар тізімін, дауыс поштасын тексеруге, FaceTime арқылы видеоқоңыраулар жасауға және фотогалереяны көруге болады (байланыс тізіміндегі кез келген адамға сурет қосу кезінде ашылады).

Apple әзірге аталған қателікке байланысты қандай да бір түсініктеме бермеді. Компания iOS 6.1-ді ағымдағы жылдың 28 қаңтарында жарыққа шығарған болатын. Сонымен қатар, перациондық жүйеде басқа да қателіктер табылды: құрылғыны басқау кезінде Microsoft Exchange Server серверлерімен өзара дұрыс байланыс жасамайды екен.

Осыған ұқсас қателіктер Apple ұялы телефондарының операционық жүйелерінде де кездесетін көрінеді. Әсіресе, iOS 4.1 пен iOS 5-те.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/MDkLpj3MM-c?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: thongtinblog.com, lenta.ru