Адамзат баласы тіршілік еткелі бері, бірнеше мыңжылдықты артқа қалдырды. Әр ғасыр тарихқа өзінше із тастады. Талай рет тығырыққа да тіреді, сарқытын да аямады. Олай болса, ХХ ғасырдың І жартысы адамзат баласына не сыйлады екен?
1. 1900 жылы Иоханн Ваалер (Норвегия) қағаз қыстырғыш ойлап тапты.
2. 1900 жылы Леон Гомон (Франция) дыбысты кино түсірді.
3. 1900 жылы неміс өнертапқышы Фердинанд фон Цеппелин дирижаблді ойлап тапты.
4. 1901 жылы америкалық сатушы Кинг Кемл Жиллетт қазір бүкіл әлем пайдаланып жүрген қауіпсіз ұстараны ойлап тапты.
5. 1903 жылы америкалық инженерлер Орвилл және Уилбер Райт ұшақпен алғаш ұшқан адамдар болды.
6. 1903 жылы АҚШ-тың “Крайола” компаниясы түрлі-түсті борды өндіріске шығарды.
7. 1903 жылы британдық инженер Джон Амброз Флеминг диодты ойлап табады.
8. 1906 жылы Серб өнертапқышы Славолюб Пенкала қауырсынды қаламды ойлап тапты.
9. 1907 жылы Алва Дж. Фишер кір жуатын машинаны өмірге әкелді.
10. 1908 жылы америкалық инженер Генри Форд құрастырмалы конвейер ойлап тапты.
12. 1909 жылы француз инженері Луи Блерио Ла-Манш бұғазы үстінен ұшып өтті.
13. 1909 жылы америкалық зерттеуші Роберт Эдвин Пири Солтүстік жер шарына алғаш аяқ басты.
14. 1910 жылы немістің геофизигі Альфред Вегенер континенттік дрейф (қалқу, ауытқу) теориясын ұсынды.
15. 1910 жылы Джордж Смит және Фред Озиус (АҚШ) араластырғышты (миксер) ойлап тапты.
16. 1911 жылы Норвегиялық зерттеуші Руаль Амундсен Оңтүстік полюске алғаш аяқ басты
17. 1912 жылы британдық әскери офицер Роберт Фалькон Скотт Оңтүстік полюске екінші рет аяқ басты.
18. 1912 жылы АҚШ-та “Беллинг Ко” рефлекторы ( жарық сәулелерінің шағылу құбылысына негізделген телескоп) ойлап табылды.
19. 1913 жылы Элмер Спири (АҚШ) автоұшқышты (ұшу аппаратын автоматты басқаруға арналған құрылғы) ойлап тапты.
20. 1915 жылы неміс химигі Фриц Хабер газтұтқыш (противогаз), яғни улы газдан қорғайтын аспап ойлап тапты.
21. 1915 жылы Ван Вормер (АҚШ) қатырма қағаздан (картон) сүтке арналған қорабша ойлап тапты.
22. 1915 жылы АҚШ-та “Пирекс Корнинг Гласс Уоркс” ыстыққа төзімді әйнек ыдысы ойлап табылды.
23. 1916 жылы АҚШ-та микрофон пайда болды.
24. 1916 жылы британдық құрастырушы (конструктор) танкіні жасап шығарды.
25. 1917 жылы тегі испан америкалық Альберт Садакка шыршаға арналған электрлі шамдарды дүниеге әкелді.
26. 1917 жылы Ұлыбританияда талықсытпалы ем (ор. Шоковая терапия) пайда болды.
27. 1920 жылы “Расин Юниверсал мотор компани” (АҚШ) шаш құрғатқыш (фен) жасап шықты.
28. 1921 жылы Германияда туылған америкалық физик Альберт Эйнштейн салыстырмалылық теориясын есептеп шығарды.
29. 1921 жылы Джон А.Ларсен (АҚШ) шындық детекторын ойлап тапты.
30. 1921 жылы Чарлльз Страйт (АҚШ) тостерды ойлап тапты.
31. 1924 жылы Джозефина Диксон, АҚШ жабысқақ пластырь (лейкопластырь) ойлап тапты.
32. 1926 жылы шотландық өнертапқыш Джон Логи Байрд қара ала теледидарды ойлап тапты.
33. 1927 жылы медицина ғылымының зерттеушісі америкалық Филипп Дринкер қолдан дем алдыру аппаратын ойлап тапты.
34. 1928 жылы шотландық бактериолог Александр Флеминг алғашқы антибиотик – пенциллинді ойлап тапты.
35. 1928 жылы Уолтер Е. Димер (АҚШ) сағызды ойлап тапты.
36. 1929 жылы Педро Флорес (Филиппин) Йо-Йо ойыншығын ойлап тапты.
37. 1930 жылы Пенвуд Нумекрон көпқабатты тұрақ және электр сағатын ойлап тапты.
38. 1930 жылы Ричард Дрю желімді лентаны ойлап тапқан.
39. 1930 жылы Кларенс Бирсей (АҚШ) мұздалған жартылай дайындалған өнімдерді ойлап тапқан.
40. 1932 жылы ағылшын өнертапқышы Карлтон Маги автотұрақтағы есептегішіті ойлап тапты.
41. 1932 жылы Адольфус Рикенбакет (АҚШ) электрогитараны ойлап тапты.
42. 1933-1935 жылдар аралығында Рудольф Кюнхолд пен Роберт Ватсон-Ватт радарды ойлап тапты.
43. 1936 жылы АҚШ-та сауда-саттыққа арналған себеттер мен арбаларды Силван Голдмен мен Фред Янг ойлап тапқан екен.
44. 1938 жылы америкалық заңгер Честер Карсон көшірме машинасын ойлап тауып, ксерографияны дамытқан.
45. 1938 жылы Ласло Биро шарикті қаламды жасаған.
46. 1939 жылы Щвейцарияда Поль Мюллер мен Вейсманн динамикалық тоқты ойлап тапты.
Сурет: micro91.rozblog.com, cash-box.biz, topref.ru, luxfon.com.