Хайуандардың қазақша атаулары

Бүгінгі күнде айналамыздағы көптеген хайуанаттарды қалай атау керек екенін біле бермейміз. Оның өзіндік себептері де бар, мысалы, қазақ жұртының мал шаруашылығы өмірінен алыстай бастауы мен қолдағы шаруашылықта тек қазаққа таныс төрт түліктің қалуы деуге болады. Ендеше бұл дүниелерді біле жүрген, көкейге түйе жүрген артықтық етпейді.

Аталықтарының аталуы:

Қандағай-бұланның бұқасы.

Андағай-бөкеннің бұқасы (бұл шашылып шапқылайтын аң екен).

Абадан, арлан-қасқырдың еркегі.

Сұғын бұғының бұқасы (қазақ қадала қарағанды «сұғын қадап» дейді).

Істі, мәнжу-аюдың еркегі.

Сырттан-арыстанның еркегі.

Қабан, теріс азу, қаракиік-доңыздың еркегі.

Шәулі-бүркіттің еркегі.

Лөкшік-екі жастағы түйе.

Буыршын-үш жастағы түйе.

Өлек-төрт жастағы түйе (бура).

Мая-бестен асқан бура.

Бура-қос өркешті түйенің еркегі.

Сырттан-иттің ең мықты төбеті.

Төбет-иттің еркегі.

Кежек-үйректің еркегі.

Құмайық-ит (қазақта «Ит төресі-құмайық, құс төресі-бидайық» деген мақал бар).

 

Хайуанаттардың аналығының атаулары:

Мауыр-піл ұрғашысы.

Машы-есектің ұрғашысы.

Өлекшін, құртқа, шулан-қасқырдың қаншығы.

Кірекей-аюдың ұрғашысы.

Қаншыр-арыстанның ұрғашысы.

Жусақ-тауешкінің шыбышы.

Таутан-барыстың ұрғашысы.

Мелике-жыланның ұрғашысы.

Бүлдіршін-нардың інгені.

Аруана-нардың інгені.

Мегежін, торапай-қаракиіктің ұрғашысы (енді ғана үйігу жасына жеткен қаракиіктің ұрғашысын торапай дейді).

Ақ тамақ-толқсып жеткен құнажын.

Ұябасар-ұрғашы бүркіт.

Қаншық-иттің ұрғашысы.

Інген-түйенің ұрғашысы.

 

Хайуанаттардың төлдерінің аталуы:

Көгілдыр-аққу балапаны.

Мамыр-қаздың балапаны.

Күшік-ит және ит тұқымдас хайуанаттардың баласы.

Абдан-арыстанның күшігі.

Қонжық-аюдың күшігі.

Алан-қабыланың күшігі.

Бөлтірік-қасқырдың күшігі.

Шөнжік, мәулен-жолбарыстың күшігі.

Жаутаң, мыршай, қарақұлақ-түлкінің күшігі.

Бодық-борсықтың күшігі.

Қонай-құндыздың күшігі.

Торай-доңыздың күшігі.

Еңілік-еліктің бұзауы.

Құралай-киіктің лағы (ұшартышқан, құмалағы дәрі).

Қодық-есектің құлыны.

Көдек-құланың құлыны,

Баспақ-алты айлық бұзау (сиырдың).

Қодыға-маралдың бұзауы.

Көжек-қояның баласы.

Марғау, безек, соқыр-мысықтың баласы.

Балапан-құстардың баласы.

Бота-түйенің төлі.

Көпек-ерте туылған қозы.

Көпелдес-ерте туған жүндес қозы.

Тайлақ-бір жастан асқан бота.

Тана-тайынша.

Торпақ-бұзау тайынша.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: ivsky.com