Кенеттен келетін керемет ойлар туралы ойланып көрдіңіз бе? Мәселен, душ қабылдау сәтінде...
Шығармашылық ойлау қиын да қызғылықты процесс болып көрінгенмен, шын мәнінде ақиқат өмірдің бірнеше факторына тікелей тәуелді. Адамның ақыл-ойының ерекше қабілетке ие болар тұсы:
- Физикалық жаттығулар, жағымды ән мен жанға жайлы жып-жылы душ қабылдау сәтінде миға көп мөлшерде дофамин бөлінеді.
- Көңіл-күй жайбарақат, күрделі еш нәрсені ойланбаған сәтте адам өз-өзін табуға мүмкіндік алып, ғайыптан тайып оқыс шешімдерді қабылдауы мүмкін. Кейде, тіпті, адамдардың ұйқылы-ояу сәтте "нұрға бөленіп" тұратын кездері кездеседі.
- Бір нәрсеге көңіл бұзылып, абыржыған сәтте адам баласы тұрақты ойлау жүйесінен ауытқып, қиындықты шешу жолында асқан тапқырлықпен адым басатын болып шықты.
Дофаминнің көп бөлігі, жайбарақат күй-көңіл, алаңдаулы ақыл-ой! Ендеше, керемет ойлардың душта келіп жатуы бәлендей таңғаларлық жайт емес.
Ең бастысы, күшсіз келген ойды ізсіз жібермеу қажет-ақ.
сурет:followthecolours.com.br
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига