- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғылыми дерек: шаш...
Ғылыми дерек: шаш неге ағарады?
Адамның шашының ағаруы шаш бояуға қатысатын меланин пигментінің бөлінуімен тығыз байланысты. Меланинді меланоцит деп аталатын ерекше жасушалар бөледі. Олар шаштың негізгі бөлігінде жинақталған. Кейін меланин шаштың өсуіне жауапты жасуша кератиноцитке беріледі. Ал, олардың істен шығуына әсер етуші бірнеше фактор бар:
• Меланоциттердегі сутегі асқын тотығын (Н2О2) керек ететін ферменттердің жұмыс істеуі әлсірей бастайды.
• Сутегі асқын тотығы мөлшерден тыс жиналады да, меланиннің түзілуіне қажет тирозиназ ферментін істен шығарады.
• Олармен бірге бірнеше нәруыз өз жұмысын тоқтатады. Мысалы, меланоциттен кератионицитке меланинді тасымалдаушы нәруыз жұмыс істемейді.
Меланиннің қажетті мөлшері бөлінбеген соң, шаш ағара бастайды. Сонымен қатар, олардың құрылымы да өзгереді. Ағарған шаштың жасушалары тез бөлінеді, әсіресе өзегіндегі жасушалар белсенді бола түседі.
Күйзеліс кезінде адам ағзасында сутегі асқын тотығы мөлшерден тыс бөліне бастайды. Бірақ ол шаштың барлығын ағартуға қауқарсыз. Сондықтан 5 минутта шаштың ағаруы мүмкін емес.
Т. Есқали