- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғылым саласындағы рекордтар...
Ғылым саласындағы рекордтар
Әлемдегі ең жоғары температура
Ең жоғары температура термоядерлық бомба жарылысының нәтижесінде пайда болды - шамамен 300-400 млн°C. Ал 1986 жылы АҚШ-та Принстон университеті лабораториясында орналасқан ТОКАМАК термоядерлық қондырғы күшінің көмегімен термоядерлық реакциядан максималды (200 млн°C) температураға қол жетті.
Ең кішкентай термометр
Нью-Иорк штаты мемлекеттік университетінің биофизигі - Доктор Фредерик Сакс тірі жасушалардың температурасын анықтау үшін микротермометр жасап шығарды. Аталған термометр ұшының диаметрі бар болғаны бір микрон яғни адам шашы диаметрінің елуден бір бөлігіне сәйкес келген.
Ең тез жылдамдық
1980 жылдың тамыз айында АҚШ қарулы күштерінің хабарлауынша, пластикалық диск жылдамдығы секундына 150 километрге жеткен. Бұл жылдамдық көрінетін қатты обьектілердің ішінде ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Дәл өлшегіш таразы
Әлем бойынша дәл өлшейтін таразы - «Сарториус-4108». Ол Германия елінің Гёттинген қаласында дайындалған. Бұл таразымен салмағы 0,5 граммға дейін жететін заттарды 0,01 мкг немесе 0,00000001 г дейін дәлдікпен өлшейді.
Ең ауыр магнит
Әлемдегі ең ауыр магниттің диаметрі 60 метрге, ал салмағы 36 мың тоннаға жетеді. Қуаты 10 ТэВ-ке жететін осы магнит синхрофазотрон үшін жасалынған. Қазірде бұл магнит Мәскеу облысындағы Біріккен ядерлық зерттеу институтында орнатылған.
Ең қуатты микроскоп
Цюрих қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу лабораториясында әлемдегі ең қуатты микроскоп (STM) жасалынды. Ол диаметрі 0,01 болатын атомды (3·10–10 м) 100 млн есе үлкейтіп көруге болады.
Ең кішкентай микрофон
1967 жылы Стамбул қаласында орналасқан Богазичи университетінің профессоры Ибрагим Каврак сұйықтық ағынындағы қысымды өлшеудің жаңа әдісі үшін арнайы микрофон жасап шығарды. Оның жиілік диапозоны - 10 Гц-дан 10 кГц-ге дейін, ал көлемі 1,5 мм х0,7 мм.
Кішкене көлемді жасанды заттар
1988 жылы 8 ақпан күні Техас штаты, Даллас қаласында орналасқан «Техас инструментс» фирмасы "квант нүктелерін" жасап шығара алғандарын хабарлады. Аталған "нүктелерді" диаметрі милиметрдің 100 милионнан бір бөлігі болатын индий мен арсенид галлиядан жасаған.
Сурет: conejo.k12.ca.us
Ж. FM