- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Google+ әлемдегі екінші...
Google+ әлемдегі екінші әлеуметтік желі атанды
Әлемдік нарықты зерттеумен айналысатын "Trendstream" деп аталатын британдық компания Global Web Index атты әлеуметтік желілерге қатысты есебін жариялады. Ондағы мәліметтер бойынша, Google+ әлеуметтік желісі әлемде қолданылуы жағынан екінші орынға көтерілген. Ал YouTube пен Twitter сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасқан. Әзірге көшбасшылықты Facebook ешкімге берер емес.
2012 жылдың желтоқсан айында Facebook-тің белсенді қолданушылар саны 693 миллион адамға жеткен еді. Ол кезде Google+ әлеуметтік желісін 343 миллион белсенді қолданушы пайдаланған екен. Ал әлем бойынша әлеуметтік желілерді қолданушылардың көпшілігі Қытайда тұратын болып шықты.
ТМД елдері арасындағы кең қолданысқа ие болған Vkontakte мен Odnoklassniki 21-ші және 24-ші орындарға тұрақтапты.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: social-networking.ru
Б. Қосмағамбет