- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- "Голливуд" cөзі -...
"Голливуд" cөзі - жарнама
Теледидарды қоссақ, жарнама, жаңалық оқиық деп газеттерді парақтасақ, жарнама. Оңға қарасақ, жарнама, солға бұрылсақ, жарнама. Тіпті, ойын-сауық орталықтардың дәретханаларында да жарнаманың түр-түрі самсап тұрады. Иә, жарнамасыз еш іс, бизнес өркендемейді. Онсыз тауарың, қызметің жүрмейді. Ғаламтордың шексіз сайттарын ақтарып отырып, жарнама жайлы қызықты деректерге тап болдық.
Жарнама ежелгі Римде пайда болған деген сыбыс бар. Рим әкімшілігі жарнамалардың түр-түрін жою үшін арнайы адамдарды жұмылдырып, оларды қабырғалардан жұлып, көзін жоятын. Мал сату, құлдарды жалға беру, гладиаторлар шайқасы жайлы жаңалықтар ежелгі Рим көшелерін қаптап кеткен болатын. Бұған қоса, ежелгі Грекияда заңды тұлғаларды жарнамалау кәсіпке айналған.
Қазіргі таңда барлық кино туындылар жасырын жарнамаға толы болады. Онсыз пайда әкелетін кино түсіру мүмкін емес. Бірақ, атақты режиссер Квентин Тарантино өз киноларында жасырын жарнамаларды пайдаланбайды. Тарантиноның кино туындыларында барлық әртістер сатылымда жоқ "Red Apple" атты темекі шегеді.
Бастапқыда таудың бөктеріне үлкен әріппен жазылған HOLLYWOODLAND сөзі 1923 жылы Лос-Анжелесте тұрғызылған жаңа тұрғын үй ауданының жарнамасы еді. Және де оны 1,5 жылдан кейін алып тастаймыз деген шешім қабылдағанымен, тек соңғы төрт әріп демонтаждалған болатын. Ал бүгінде HOLLYWOOD сөзі жұлдыздар фабрикасының айқын жарнамасына айналып кетті.
Сурет: savvy-cafe.com