Ғимарат терезелері арқылы тетрис ойнайық

Бала кезімізде құмарта ойнаған тетристі теорияда былай дейді. Тетрис - белгілі бір формасы бар фигураларды мейлінше дұрыс бағытта орнатып, олардың арасындағы бос орын қалмауын талап ететін электронды ойын. Фигураларды неғұрлым дұрыс орнатсаңыз, жинаған ұпайлар саныңыз соғұрлым көп болады.

Ал ғимарат терезелеріне кескінделіп жасалған тетрис ойынын көріп пе едіңіз? Иә, иә, ғимараттың терезелері тетрис ойынының дисплейі рөлін ойнайды. Адам сенгісіз. Бірақ, адам баласының қолынан келмейтін дүние жоқ қой. Осылайша, Массачусетс технологиялық институтының жас ғалымдары дүниежүзіндегі ең үлкен тетрис ойынын ойлап тапты. Алғашында бұл жоба жай ғана қағаз бетінде жазылып, тек теориялық тұрғыда ғана болған. Кейін ғалымдар бұл жобаны іске асыруды қолға алады. Нәтижесінде пайда болған ойын нұсқасы көп адамды таң қалдырған. Бұл ойын бәрімізге таныс тетристің толыққанды нұсқасы. Фигураларды оңға-солға бұрып, белгілі бір бағыт беру үшін ғимарат терезелеріне қосылған жүйені стандартты басқару құрылғылары арқылы ойнатады. Түпнұсқадағыдай, бұл тетристе де ойын деңгейі күрделеніп отырады. 

Бір күні терезеңізден қарап тұрып, қарсы ғимараттан жарық болып жанып тұрған таныс фигураларды көрсеңіз, таң қалмаңыз. Ол жай ғана тетрис.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/IAIPUGO1iko?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"335"});

Сурет: o56.ru