«Газет» сөзінің италияндық ұсақ ақша – gazetta-дан шыққанын білесіз бе? XVI ғасырда Италияда ең дамыған қалалар және осы қалалардың гүлденуі толығымен сауда-саттыққа тәуелді болатын. Соған байланысты көпестерге соңғы жаңалықтарды біліп отыру өте маңызды болды. Себебі кез келген оқиға күтпеген жерден тауардың құнына әсерін тигізуі мүмкін.
Кітап бастыруды ойлап тапқаннан соң,(бұл қуанышты оқиға XV ғасырдың соңғы үшінші жартысында пайда болды) жаңалықты ауыздан-ауызға тарату ғана емес (әрине бұл әдіс жаңалықтың жаппай бұрмалануына әкелетін), сонымен қатар, қағаз бетіне түсіру де мүмкін болды. Міне, осылай 1550 жылы Венецияда соңғы жаңалықтарды баяндайтын баспа табақтар пайда болды. Табақтар шағын, қағаз беті бұжыр, сапасы төмен болғандықтан да арзан тұрды, бар болғаны - бір мәнет. Немесе сол ақшаға елді соңғы жаңалықтармен хабардар етіп отыратын (жаңалықты дауыстап оқитын) жиналыстарға кіру билетін сатып алуға болатын. Аталған мәнет атауы «gazetta» болатын, бертін келе бұл атау ақпараттық қағаздарға да таралды.
Сурет advtime.ru сайтынан алынған