Гай Кавасаки: Презентация жасауда 10/20/30 ережесін сақтау керек

Гай Кавасаки: Презентация жасауда 10/20/30 ережесін сақтау керек
Фото: startupnetwork.kz

Презентацияны қалай ерекше әрі дұрыс жасауға болады? Назарларыңызға танымал америкалық кәсіпкер, бірнеше бизнес кітаптардың авторы Гай Кавасакидің презентация жасауда ескеру керек кеңестерін ұсынамыз.

Не үшін презентация 10 слайдтан көп болмауы керек?
Презентация не үшін керек? Біріншіден, көпшілікке идеяңызды мультимедиалық құралмен жеткізуге, екіншіден, аз, бірақ жинақталған маңызды ақпаратпен олардың қызығушылығын арттыруға қажет. Сондықтан презентация саны 10-нан көп болмауы керек. Себебі конференцияға келген адам 10-нан артық слайдтағы ақпаратты қабылдай алмайды. Егер бұл аздық ететін болса, онда бірнешеуін қосуға болады. Бірақ 20-дан асырмаңыз.

Баяндамаңыз 20 минуттан аспауы керек
Конференциядағы спикерлерге көбіне бір сағат беріледі. Алайда, дайындаған баяндамаңызды 20 минутта бітіруге тырысыңыз. Біріншіден, сізден бұрын шыққан спикер дедлайнды бұзуы мүмкін. Сол себептен кез-келген жағдайға дайын болыңыз. Екіншіден, 20 минутта баяндамаңызды оқып шықсаңыз, қалған уақытты аудиториямен пікір алмасуға, сұрақ – жауап алуға, идеяңызды еркін жеткізуге қалдыра аласыз.

Қандай тақырыпта баяндама жасасаңыз да, 10 слайд және оны 20 минутта айтып шығыңыз. Одан артық бір секундқа да созбаңыз.

Презентациядағы мәтінді қандай шрифтпен жазған дұрыс?
Алғашында презентациядағы шрифт санын 30 етіп беру кәсіпкерлерге ғана айтылып жүрген кеңес еді. Бірақ бұл барлық презентация жасаушыға көмегін тигізеді.

Шрифті анықтаудың екінші әдісі бар. Оны “эмпирикалық әдіс” деп атайды. Эмпирика әдісі бойынша,  аудиториядағы ең жасы үлкен адамды таңдайсыз. Мысалы, ол 70 жаста болып шығады. Енді осы 70 санын екіге бөлесіз. Шыққан нәтиже презентациядағы мәтіннің шрифті болады. Біз айтқан мысал бойынша, сіз 35 шрифтін пайдалануыңыз керек. Яғни 70 жастағы кісі де эрканнан 35 шрифтегі мәтінді көре алады.

Кішкентай шрифттер қолдану тақырыпты егжей-тегжейлі жазғаныңызды көрсетеді. Алайды аудитория көп ақпаратты қабылдай алмайды. Себебі сіз секілді олар бірнеше спикерді тыңдап отырады. Сонымен қатар, тыңдаушы спиркерден қарағанда мәтінді тезірек оқып шығады да, айтқан сөзіне мән бермейді. Стандартты әрбір слайд бір тезистен және бірнеше пункттерден тұрады.

дереккөз:baribar.kz
Т. Есқали