Ғалымдар ғарыштағы дыбысты жазды. Бірнеше нысанның "дыбысын" Роскосмос YouTube видеохостингіндегі ресми арнасына жүктеді.
Сипаттамада ғарышта дыбыстың таралмайтыны айтылады. Тіпті ірі астероидтардың соқтығысуының өзі тыныштықта өтеді екен. Дегенмен Ғаламдағы дыбыстарды радиотелескоптар тіркей алады. Оның көмегімен радиодиапазонда ғарыштағы "әуендерді" тыңдауға болады.
Айта кетейік, НАСА бұған дейін мұндай дыбысты жазуға тырысқан еді. 2011 жылы агенттік радиотелескоптардың көмегімен жазылған дыбыстарды жүктеген болатын.