- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғарыштан таңқурай иісі...
Ғарыштан таңқурай иісі шығады
Бәріміз таңқурайды жақсы көреміз. Оның дәмін тату үшін ғарышқа ұшпайтынымыз қандай жақсы болған. Түсінгеніңіздей, таңқурай иісі тек бақшамыздан ғана емес, ғарыштан да сезіледі екен. Ғарыш – таңқурай иістендіргіш (ароматизатор).
Әрине, бұл ғарышкерлер кезекті сапарының бірінде таңқурай тәттісін ұмытып кетті деген сөз емес. Оның себебі ғылыми түрде дәлелденген.
Химиялық этилформиат (HCOOC_2H_5) – бұл этанол мен құмырсқа қышқылы реакцияға түскенде пайда болатын күрделі эфир. Дәл осындай химиялық зат таңқурайға қайталанбас хош иіс беріп жүр.
Өкінішке орай, таңқурай дәмді аспанда қалықтап жүру өте қауіпті. Рас, дәрі-дәрмек және құнарлы тамақты бақылау комиссиясы құмырсқа қышқылының метил эфирін мақұлдаған. Алайда, мұндай концентрация өлім тудыруы мүмкін.
Егер адамдар ғарыш кеңістігінде ашық ауызбен ұша алатын болса, көздің, терінің тітіркенуі, шырышты қабыршақ, жүйке жүйесінің тозуы сынды түрлі қиындықтарға тап болатын еді.
Бұл ақпараттан кейін таңқурай жеуден қорқып қалмаңыз, біздің таңқурайларды өз мөлшерінде жеу – денсаулыққа өте пайдалы.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: 2ch.hk
Оқи отырыңыз: