Ғарышта миллиардтаған бөгдепланеталықтар тығылып отыр

"NASA-ның ғалымдары галактикамыздағы планеталардың 1,2 пайызында тіршілік бар екендігін болжап отыр. Бұл теория Кеплер зондының жер бетіне жіберген фотосуреттерін анализ жасаған соң ұсынылды", - деп ақпаратты таратты Daily Mail. 

2009 жылы іске кіріскен зондтың ақпаратын саралап зерттеген Гавай университетінің ғалымдары екендігін айтып өтелік. Олардың айтуынша, біз тірлік кешіп жүрген Құс жолы галактикасының Аққу жұлдыздар шоғырынан 1 235 экзопланета табылған екен. Яғни, біздің әлемнен бөлек миллиардқа жуық әлем бар деген сөз. Бұл планеталардың барлығы Құс жолының ядросында орналасқан. 

Журналистерге берген сұхбаттарында ғалымдар: "Галактикамыздың ішкі жағында өмір, тіршілік жоқ деген пікір қате. Қайта керісінше, тіршілік осы аймақтарда өте көп", - деп қызықты әңгіменің шетін шығарды.

Осыған байланысты біз сөз етіп отырған Гавай университетінің профессоры Майкл Гоуанлок Құс жолы галактикасындағы тіршіліктің компьютерлік моделін жасап шықты. Бұл программаны жасауда галактиканың пайда болу уақыты мен жұлдыздардың металдылығы ескерілген. Металл - тіршілігі бар планеталардың құрылыс материалдары екендігі белгілі. 

Оқырмандарға төмендегі видеоны галактикамызға саяхат ретінде ұсынамыз:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/kYylaBrQUrw","width":"425","height":"350"});
сурет: friendak.com