Халықаралық ғарыш станциясының экипажы 6К (614х3160 пиксель) сапаға дейін видео түсіре алатын RED Epic Dragon камерасымен қамтамасыз етілді. Жаңа камера секундына 300 кадр түсіреді. Бірнеше күн бұрын NASA ғарыш агенттігі камераның көмегімен түсірілген алғашқы видеоны көпке ұсынды.
Мұндай жоғары сапамен вакуумдағы судың қалықтап жүргенін әрбір бөлшегіне дейін көре аласыз. Арнайы жеткізілген камера ғарышкерлерге қолайлы етіп жасалған. Slow Motion тәртібінде түсірілген видео ғарышкер жасаған тәжірибенің барысын анық көрсетеді.
Айта кетсек, RED Epic Dragon камерасы өзінің жоғары пиксельді сапасымен кино өндірісінде де кеңінен қолданысқа еніп үлгерген. Мысалы, «Ұлы Гэтсби», «Пи өмірі» және Питер Джексонның хоббит туралы трилогиясы RED Epic Dragon камерасының арқасында тамаша сипатқа ие болған.