Дрозофила шыбыны. Ғалымдар 1946 жылдың шілде айында осы бір шыбынды америкалық V2 ракетасына жүгерімен қосып, ұшырған болатын. Сол арқылы жоғары қабаттардағы радиацияның қаншалықты әсер ететінін білгісі келіпті.
Кішкене дрозофилдер зерттеу әлемінің сүйіктілері болып табылады. Адамда кездестін аурудың төрттен-үш бөлігі осы жәндіктердің генінде де кездеседі. Және олар түн бойына ұйықтайды әрі тез көбейеді. Екі күннің ішінде қауымдастық болып шыға келеді.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, ғарыш 100 км биіктіктен басталады. Кішкене дрозофилдерден кейін, аспан әлеміне қына мен маймылдар жіберілді.
Ғарышқа барған ең алғашқы маймылдың аты Альберт II болатын. 1949 жылы осынау примат-ғарышкер 134 км биіктікке дейін жете алған. Ал тағы да бір ғарышкер Альберт I-де 1 жыл бұрын 100 км биіктікке жете алмай, тұншығып өлген. (Өкінішке орай, Альберт II-де жерге түсу кезінде парашюты ашылмай қалып, тумаласының артынан аттанып кеткен).
Тек 1951 жылы Альберт VI ғарыш әлеміне аман-есен барып келді. Ол сол жолы 11-ге жуық тышқанмен бірге ұшқан. Алайда, Альберт VI да екі-ақ жыл ғұмыр жасады.
Қысқасы, ғарыш әлеміне шын берілген маймылдар ұзақ өмір сүре алмаған. Бір ғана Бейкер есімді маймыл ғарыш әлеміне жасаған одиссеялық сапарын жерде жүріп 25 жылға ұзарта алған.
Орыстар американдықтар сияқты маймылдарды емес, зертеуге көбіне иттерді араластырған. 1957 жылы «Спутник 2» ғарыш айлағынан Лайка атты итті ұшырған. Ұшу жолында әлгі ит қатты ыстықтан өліп кеткен. Ал 1961 жылы Ю. Гагарин ұшқанға дейін, онға жуық ит армансыз аспан әлеміне барып қайтқан.
1968 жылы орыстар жануарларды алыс ғарышқа жіберді. Солардың бірі тасбақа болатын. Ол бүкіл ай бетін толық айналып өткен (әлемдегі ең жылдам тасбақа ретінде). Сонымен бірге, ғарышқа барып қайтқандар: шимпанзе, теңіз шошқасы, құрбақа, атжалман, мысық, жәндіктер, өрмекшілер, және сирек кезжесетін фундолиюс атты балық түрі. (Олардың бәрі де аман-есен оралған.)
Жапондарда ең алғаш ғарышқа барып қайтқан жануар - 10 шақты тритон еді.
Суреттер: zateevo.ru