КСРО мен АҚШ арасындағы бәсекелестік Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғарыштық бақталастыққа алып келді. Екі жақтың әрқайсысы ғарыш технологиясындағы жетістіктерімен ерекшеленіп қалуға тырысты. Жер шарының үштен бірі «Аплатон 11» кемесінің айға қонуын теледидардан тамашалаған. Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған. Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды, бекітілмеген заттар ауада қалықтап жүреді. Басқарылып отырған кеменің ішіндегі ауа әрдайым айналдырылып, тазартылып отырады. Кейбір скафандрлар 15 қабат түрлі материалдардан жасалады. Бұл ғарышкерді сыртқы әсерлерден қорғап, сақтап тұрады. Ғарышта ең ұзақ болған - орыс ғарышкері Валерий Поляков. Ол «Мир» ғарыш айлағында 1994 жылдың қаңтар айынан 1995 жылдың наурыз айына дейін 417 күн 17 сағат болған. АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис «Эндевор» шаттлында 1992 жылы неке қию рәсімдерін өткізген бірінші жұп. Кеңес одағынан ең алғаш ғарышқа жіберген иттер болса, америкалықтар сынақ үшін маймылды жіберген екен. Тарихта қайтыс болған ең бірінші ғарышкер Валентин Бондаренко. Ол КСРО ғарышкерлерінің бірінші тобында болып, 1961 жылы, 23-наурызда дайындық кезінде өз қателігінен өрт шығарып, қайтыс болған. Ғарышта болған ең бірінші әйел – Валентина Терешкова (1963 ж.) Google компаниясы айға қонып, 500 метр аумағындағы айдың бетін түсіріп, Жерге тікелей репортаж жасай алатын аппарат ойлап тапқандарға 30 млн $ премиясын тағайындаған.
Сурет: bestreferat.ru