Халықаралық зерттеу тобының ғалымдары найзағайды ұстап, оның траекториясын өзгертіп, жерге енгізіп жіберетін лазерді ойлап тапты, деп хабарлайды Nature Communications журналы.
Аустралия ұлттық университеті мен Уэльс Университетінің ғалымдары
қос жазық параллельді пластинадан электр зарядын жинайтын құрал ойлап тапты. Қос пластинаның бірі шағын найзағай шығарып, екінші пластина оны "қағып алған".
Физиктер құралдың моделі ретінде лазермен бағытталған графен бөлшектерін қолданған. Ал лазер сәуле ауаны қыздырып, сым сияқты өткізгіштігі жоғары арнайы канал сызып шығарады. Бұл арнаның найзағай электр разрядын өзіне қарай тартатын қабілеті бар. Ғалымдар осы канал арқылы найзағай разрядын да нақты бағыт бойынша қозғалта алатынан сенімді.
Ғалымдардың ойынша, электр зариядын бұлай басқару арқылы ауа-райын, өндіріс пен медицина саласында түрлі сәуле қолданысын реттеуге болады.