Ғалымдар "мейірімділік" ұғымын жоққа шығарды

Ғалымдар "мейірімділік" ұғымын жоққа шығарды

Ғалымдар "адами мейірімділік" деген ұғымның бар екендігіне күмән келтіріп отыр. Тәжірибелік жұмыстар барысында адамдардың бір-біріне көрсететін көмегі өзіне пайда келтіру үшін ғана жасалатындығы анықталды. Тәжірибеге 32 адам мен маймыл қатыстырылған. Олардың барлығы да тағамдарын бөліскеннің өзінде, орнына бір нәрсе алу үшін жасайтын болып шықты.

Сынаққа кіріскен екі аяқ, жұмыр бастар бірден тағам үшін алуға болатын нәрселерді көздеуге кірісіп кетсе, бұл кезде приматтар тағамды "саудалауды" бастаған. Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің докторы Адриан Джеггидің айтуынша, маймылдардың арасында тамақты көп табатын және аз табатын топ бар, сондықтан олар әрқашан өздеріне келетін пайданы ойлайды. Бұған қарағанда, адамдар үшін тамақ қолжетімді келеді. Солай бола тұрғанымен, адамдар маймылдар секілді бас пайданы ойлап тұрады екен.

Сіз ғалымдардың пікіріне не айтасыз? Адамдар жақсылықты расымен де бас пайдасы үшін жасай ма? "Мейірімділік" деген ұғым бар ма?

 

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева