- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар Марсты зерттеуге...
Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды
АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Марсты зерттеуге көп көңіл бөле бастады. Айта кетсек, инженерлер Қызыл ғаламшардың қыр-сырын ашу үшін жаңа ұтымды құрылғылар мен жүйелерді құрастыруға тырысуда.
Қазіргі кезде NASA зерттеушілері Марстың қолайсыз климатына қарамастан, жұмыс істей алатын тікұшақты дайындап жатыр. Төмендегі видеодан белгілі болғандай, NASA агенттігінің реактивті қозғалыс зертханасы Марсты зерттеуге бағытталатын аппаратқа тікұшақтың айналу винттерін жалғап, сынақтан өткізбек. Бұл жаңа идея Марстың биіктеу қыраттарын зерттеуде қолданылатын болады.
Тікұшақ Күн энергиясын негізгі ресурс ретінде пайдаланады. Бұл Марсты зерттеудің ұтымды жолы болғанымен, оның да бірнеше күрделі проблемалары бар. Айта кетсек, инженерлер алдымен аппаратты Марстың атмосферасына бейімдеулері тиіс. Марстың тартылу күші Жерге қарағанда үлкен болғандықтан, тікұшақ винттерін жылдамырақ айналдыратын күрделі құрылғы қажет болады.
NASA-ның негізгі мақсаты – өте жеңіл болатын тікұшақты құрастыру. Себебі құрылғы қанша жеңіл болса, сонша аз энергия жұмсайтын болады. Жоспар бойынша жаңа модуль күніне екі-үш минуттық ұшу сапарын жүзеге асырмақ. NASA ғалымдарының айтуынша бұл күнде 500 метр қашықтықты өткеруге жетеді екен.
Қазіргі кезде марстық тікұшақтың жобасы жасалынып жатыр. Ғарыш агенттігінің инженерлері құрылғының ұтымды дизайнын қарастыруда.
Сурет: nlo-mir.ru
Оқи отырыңыз:
Марстан тасқа қашалған мысық бейнесі табылды
2003 жылы жоғалып кеткен ғарыш аппараты Марстан табылды
NASA: «Марсқа адамдар 1979 жылы қадам басқан»
Ж. Өрісбай