12 жыл бойы телескоптың көмегімен жиналған ғылыми деректердің нәтижесі қара материяның бар болу мүмкіндігін арттырады, деп хабарлайды Nature. Еуропа ғарыш агенттігінің астрономдары рентген сәулелерінің ағымындағы бір өзгерісті анықтаған. Нақтырақ айтар болсақ, сол өзгеріс аксиондар екені дәлелденді. Аксион дегеніміз Жердің магнитті тартылу аймағына әсер ететін қара материяның гипотетті бөлшектері болып табылады.
Қара материя туралы әзірге ғылымда ешқандай анықтамалық деректер болмағандықтан, ол солай қара деп аталады. Расында оның түсі қара болмауы да әбден мүмкін. Қара материя Күннің өз айналасында қозғалатын ғаламшарлар мен өзге де ғаламдық нысандарды өзіне тартатын гравитациялық орта болып табылады. Ол жердегі гравитациялық нүктелердің уақтылы орын ауыстырып тұратыны секілді, Күннің қара материясы да сондай құбылысқа ие деген болжам ғана бар. Дегенмен, оның қай жерде орын тебетіні белгісіз.
Егер ғалымдардың жиналған аксиондар туралы фактілері расталатын болса, бұл астрофизика саласында ең маңызды жаңалықтардың бірі болады. Зерттеу жұмыстарының басшысы болған Лестер Университетінің астрономы Джордж Фрейзер аталған гипотезалық деректерді басылымға бергеннен екі күн өте өмірден озған екен. «Фрейзердің еңбегі орасан зор маңыздылыққа ие», - деп Эдинбург Астрономиялық Институтының астрономы Энди Лоуренс әріптесіне баға берді.
«Біз дәстүрлі әдіспен түсіндіре алмайтын ерекше нәтижеге жеттік. Ол аксиондардың теориясын анықтап бере алатын болғанымен, әзірге гипотеза ғана болып отыр», - дейді еңбектің біріккен авторы Энди Рид.
Осыған дейін аксиондар табиғаттағы төрт түрлі күштің бірі болып табылатын алып ядролы әсердің аномалды теориясына қатысты деп келінген. Бұл зарядталмаған және өте жеңіл бөлшектер Күннің ядросында қалыптасып, сыртқы материялардың гравитациясына әсер етуі мүмкін. Демек аксиондар ядрода орналасып қана мыңдаған жарық жылына тең алыс мекенге тартылу әрекетін жасай алады. Одан бөлек, аксиондар тартылу күштерімен біріге әр ғаламшардың айналасында рентгенді фотон қалыптастыра алады. Ғалымдар осы тектес фотонды көргендерін айтады.
XMM-Newton деп аталатын еуропалық зондының Жердің Күн қарап тұрған жағынан өтіп бара жатқан кезінде өте қатты магнитті ағымға тап болғанын ғалымдар айтады. Сол мезетте зонд бұрын-соңды анықталып көрмеген рентгенді сигналды кернеп алған.
Ғалымдар пікірінің өзгеруіне түрткі болып отырған ғылыми талдау еңбегінің ең маңызды аспектілерінің бірі XMM-Newton аппаратының Күннен алыстаған бойда да рентген фотондарын көрнеп жатқаны болып отыр. Бұған дейін «фотондар тек аксиондардың бағытымен қозғалады» деген тұжырым ғана болатын. Дегенмен, телескопқа ілінбей қалған аксиондардың да фотон алқабында болатыны анықталды.
Дәл осындай сигналдардың анықталғаны туралы «Чандра» обсерваториясы да хабарлап отыр. Дегенмен, рентгенді сәулелерді фотондардың болғанын растауға тағы бірнеше жылдық зерттеу нәтижелері қажет болады.
Аксиондарға айтылған гипотезаларды растайтын ақпараттарға сенімсіз көзқараспен қарайтын ғалымдар да табылды. Ұлыбританиядағы Сассеск Университетінің астрономы Питер Клоуз ғылыми дәлелдемелерді толық емес деп айтады. Ол зерттеу нәтижесін фотонның Жердегі қабығына жеткен бедерін растауға жеткіліксіз екенін алға тартып отыр.
CERN (CAST) Күндегі аксиондарды зерттеуге бағытталған астрономиялық орталығында жұмыс істейтін ғалым Игорь Гарсия Ирасторца фотонды сигналдардың өсіп келетінімен келісіп отыр. Бірақ ғылыми еңбекте көрсетілген аксиондар типі өзге де астрофизикалық зерттеулерге қайшы келетіні әртүрлі пікір қалыптасуына түрткі болып отыр.
Ал Лестер Университетінің профессоры Майк Уотсон толығымен Фрейзер тобының ұсынған гипотезаларымен келіседі. Аталған еңбектің толық дәлелденуіне әлі талай зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Дегенмен, осы жаңа ашылған бағыттың өзі Джордж еңбегінің көлемді болғанын дәлелдейді.
Сурет: www.nature.com