Ғалымдар "Құдайдың бөлшегін" тапты

Ғалымдар "Құдайдың бөлшегін" тапты

Үлкен адронды коллайдерде эксперименттер өткізіп жатқан физик ғалымдар бұрын соңды адамзат баласы эксперимент түрінде ала алмаған жаңа ұсақ бөлшекке қол жеткізіп отырғандарын айтты. Бұл бөлшек ғалымдардың аузында 1960 жылдан бері жүрген Хиггс бозонына ұқсайтындығы және айтылды. Бұл ақпарат Еуропа ядролық зертетулер орталығының ресми сайтында жарияаланды. 

Оқырмандарға Хиггс бозоны туралы аз-кем түсінік беріп көрелік. Ұсақ бөлшектердің заманауи теориясы бойынша, Хиггс бозоны әлемнің кез келген нүктесінде кездеседі, әрі элементар бөлшектердің массасына жауап береді. 

ыв

Үлкен адронды коллайдер

Осы зерттеумен айналысып келе жатқан физик Джо Инканделаның (Joe Incandela) айтуы бойынша бөлшектің кейбір қасиеттері стандартты модельдегі Хиггс бозонына келіңкірімейді. "Дегенмен соған өте ұқсас бөлшек таптық. Ойымыздың дұрыстығына 99,9 пайызға сенімдіміз. Жаңалығымыздың нақтыланса, физика ғылымын үлкен төңкеріс күтіп тұр", - деді ғалым.

Бұған дейін британдық Daily Mail газеті аталған орталықтың ғалымдары "Құдайдың бөлшегін" тапты деп хабарлаған болатын. Бұл бөлшектің бар екендігін 60-шы жылдары алғаш рет Питер Хиггс болжап кеткен еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mn.ru, popnano.ru