- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар қанды тоқтата...
Ғалымдар қанды тоқтата алатын гель шығарды
Нью-Йорктің Бруклин округында орналасқан зертхана мамандары жарақат алған кезде аққан қанды тоқтата алатын гель жасаумен айналысып келеді. VetiGel деген атауға ие болған өнімнің медицина саласына жаңа бетбұрыс алып келетінін АҚШ-тың Ғылыми Қоғамы да растап отыр.
Әзірге мамандар аталған гельді ветеринария саласында қолдануды мақұлдап отыр. Дегенмен тағы бірнеше ғылыми зерттеу нәтижесінен кейін адам баласын емдеуде де қолданатын болады.
Ғалымдардың айтуынша, қанды толық тоқтату үшін 20 секунд қажет болады. Бұл заманауи медицинада бұрын-соңды қойылмаған рекорд болып табылады. Әсер ету механизмін айтар болсақ, гельдің құрамында болатын белсенді компоненттер тромбоциттерден тор жасауға ықпал болады. Ол өсімдік полимерінен жасалады.
Болашақта VetiGel әр түрлі жарақатта қолданылатын болады. Тіпті адамның ішкі ағзаларын қосу кезінде де қолданылу мүмкіндігі жоғары болып отыр.
Сурет: www.smartworld.it
Ж. Өрісбай