Ғалымдар жылан-робот жасады

Жылан-құлтемірді қалай әмбебап үлгіде дамытуға болады? Оған, әрине, бауырымен жорғалаушылардың құрылымын зерттеу арқылы қол жеткізуге болады. АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы Карнеги-Меллон Университетінің ғалымдары жыланның құмды төбешіктерге өрмелеу қимылын бақылап, сол қимыл принциптерін жасанды құрастырылған жыланға қолданған. Science журналында жарияланған ақпарат тірі табиғаттың жасанды аналогтарымен үйлесім тауып жатқандығын көрсетеді.

«Жылан-құлтемір адам немесе өзге де құлтемірлер ене алмайтын жерлерге еш қиындықсыз кіріп кете алады. Қолайлы икемі болатын жасанды жылан бірнеше бөлшектерден құралып, оларды әр мақсатта ауыстыруға ммүкіндіктер болады. Осы секілді жеке мақсатта қолданылатын бөлшектердің бірі жыланға құмды төбешікке өрмелеу әрекетін береді», – дейді зертеуші мамандардың бірі.

«Снейкбот» деген атауға ие киборгтың ұзындығы 94 см, ал диаметрі 5 см. Оның құрамы қозғалтқыш, компьютер және кішкене электронды компоненттерден тұрады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iJoxvIFGf4A","width":"450","height":"350"});

Жылан тектес құлтемірлер күрделі іздеу жұмыстарында, жер сілкінуден кейінгі қирандының ішінен адамдарды құтқару операцияларына пайдалану мақсатында құрастырылып жатыр. Сондай-ақ, аймақтық радиациялық ахуалды тексеру секілді адам өмірі үшін қауіпті болатын операцияларда да қолданылатын болады. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: reptiforum.com.ua