Ғалымдар Жер шарының 100 млн жылдан соңғы кейпін көрсетті (Видео)

Жақында Интернет беттерінде көп жылдар бойы Жер шарының палеогеографиялық картасымен жұмыс жасап келе жатқан АҚШ-тың Солтүстік Аризона Университетінің геологы Рон Блэйкидің Жер ғаламшарының алдағы 100 жылда қандай кейіпте болатыны жөніндегі болжамы жазылған бейнематериал пайда болды.

Осы салдағы ғалымдардың айтуы бойынша, материктер пайда болғаннан бері үздіксіз соқтығысып, одан әрі ажырасып тұрған. Яғни үнемі өзгеріске ұшырап отыр. Бұған басты себеп плиталардың үнемі қозғалыста болуы екен. Жер шарының алдағы 100 миллион жылда қандай өзгеріске ұшырайтындығы төмендегі видеода баяндалады. Блейкидің айтуынша, негізгі өзгеріс Еуразия материгінде орын алмақ. Материктердің соқтығысуы салдарынан жаңа теңіздер мен аралдар пайда болмақ. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/uGcDed4xVD4","width":"450","height":"314"});

  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: cool4u.ru