- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар жер бетіндегі...
Ғалымдар жер бетіндегі ең жоғары температураға қол жеткізді
АҚШ-тағы Брукхвейн ұлттық лабораториясының ғалымдары Гиннестің рекордтар кітабына енді. Физиктер RHIC коллайдерінде алтын иондарын соқтығыстыру арқылы температурасы 4 триллион градусты құрайтын материя алған. Бұл көрсеткіш күннің центріндегі температурадан 250 есе көп екендігін айта кетелік.
Осылайша Guinness World Records компаниясы бұл көрсеткішті "Адам қолымен алынған ең үлкен температура" ретінде тіркеп қойды.
Ғалымдар ауыр иондардың релятивистік коллайдерінде алтын иондарына жарықтың жылдамдығын беріп, бір-біріне соғыстырған. Осылайша кварк-глюондық материя алынды. Ғалымдардың айтуынша 13,7жыл бұрын ғалам пайда болған соң, алғашқы микросекундтарда айналаны осы материя толтырып тұрған.
Кварктер қалыпты жағдайда конфайнменттік күйде болады. Ауыр иондар соқтығысып, температура көтерілгенде протондар мен нейтрондар балқып, кварк-глюондық плазмаға айналады. Бұл материяның физикалық қасиетін идеал сұйықпен теңестіруге болатындығы да анықталыпты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vseneprostotak.ru