- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар ғажайып балықты...
Ғалымдар ғажайып балықты зерттемек
Франциялық және оңтүстік африкалық ғалымдар латимерияны зерттеу мақсатымен 6 апталық экспедияцияға шықты. Айта кетелік, бұл балық соңғы 400 миллион жыл ішінде сырт келбетін еш өзгертпеген болып есептеледі.
Зерттеушілер Үнді мұхитындағы үңгірлердің біріне түсіп, латимериялардың өмір сүру стилін бақыламақ.
Бұған дейін латимериялар бірнеше миллион жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелініп келген болатын. Дегенмен бұл балықты 1938 жылы Оңтүстік Африка жағалауында жергілікті тұрғын аулап алған.
Латимерия — сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класы тармағына жататын саусаққанатты балық. Латимерия Целаканттәрізділер отрядының қазіргі кезде сақталған бір ғана түрі. Мадагаскар аралы төңірегі мен Үнді мұхитында тіршілік етеді. Денесі жуан, қабыршақтары жалпақ. Денесінің ұзындығы 180 см, салмағы. 95 кг. Ми көлемі кішкентай, ішкі танау тесігі болмайды. Ішегі клоакаға жалғасады. Құйрық жүзбе қанаттары үш қалақты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан